26 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 26 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

26 қазан. ДҮЙСЕНБІ

Австрия Республикасының Ұлттық мейрамы - тұрақты бейтарап саясаты жарияланған күні (1955).Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 19-да орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

4 6 жыл бұрын (1969) режиссер С.Елеусізов қойған «Дала әуені» атты концерттік бағдарламамен «Гүлдер» эстрадалық жастар ансамблі тұңғыш рет шымылдығын ашты. Ансамбль гастрольдік сапармен Қазақстанның барлық облыстарында, Ресейдің бірқатар қалаларында және Германия, Бельгия, Куба, Грекия, Пәкістан, Португалия, Өзбекстан, Малайзия елдерінде болып, өнер көрсеткен. 1976 жылы Гаванада (Куба) өткен жастар мен студенттердің 2-ші дүниежүзілік фестивалінің лауреаты атанған. Ансамбль репертуарлары негізінен қазақ халық әндері мен күйлерінен, билерінен, отандық және шет ел композиторларының шығармаларынан, күрделі концерттік бағдарламалардан тұрады.

4 4 жыл бұрын (1971) Алматыда В.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөлімі құрылды.

16 жыл бұрын (1999) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі Кремльдің Георгиев залында өткен Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің Мемлекетаралық кеңесі мәжілісіне қатысты. Ресей астанасында Кедендік одақ және Бірегей экономикалық кеңістік туралы мүше-мемлекеттер басшыларының келісімшартына қол қойылды.

11 жыл бұрын (2004) қазанның 25-26 аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Швеция Корольдігінде ресми сапармен болды.

10 жыл бұрын (2005) Жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан «Үн» атты әдеби журналдың таныстырылымы болды. 3 айда 1 рет шығатын, 120 беттік басылымның таралымы 4 мың дана. Мұқабасында Көк бөрі мен Ай бейнеленген журналдың алғашқы санында әдебиетке қатысты сыни пікірлер, жас ақындар өлеңі мен жазушылардың әңгімелері, әлем әдебиетіндегі озық туындылардың қазақшаға тәржімаланған нұсқалары жарық көрген.

9 жыл бұрын (2006) астанамызда Ауғанстан соғысына қатысушыларға арналған «Боздақтар мәңгі жадымызда. 1979-1989» атты естелік кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Басылым Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіріспе сөзімен басталады. Оқырмандар назарына 10 жылға созылған және мыңдаған жастардың өмірін қиған Ауғанстандағы соғыс тарихы, сол жылдары интернационалдық борышын өтеу барысында қаза болған немесе хабар-ошарсыз жоғалып кеткен боздақтардың нақты тізімдері келтірілген.

9 жыл бұрын (2006) Оралда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті табиғи-географиялық факультеті ғимаратына белгілі ғалым-педагог, биология ғылымдарының докторы Есенбай Ағелеуовтің (1936-1996) құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.

9 жыл бұрын (2006) Оралда ұшқыш, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы деректі фильмнің көрсетілімі болып өтті. Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысы жылдары жауынгерлік тапсырмамен 300-ден аса ұшуда болған еліміздің жалғыз ұшқыш-әйелі. Фильмнің сценарийін жазғандар - М.Жақыбаев, Қ.Тілеуішев, режиссері - ресейлік Л.Вахитов, редакторы - Е.Баженова. 6 жыл бұрын (2009) Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясы өтті.

12 9 жыл бұрын (1886) АҚШ президенті К.Гровер (1885-1889 и 1893-1897) Бостандық статуясының салтанаты ашылу рәсімін басқарды.

5 9 жыл бұрын (1956) Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.

ЕСІМДЕР

1 11 жыл бұрын (1904-1989) мемлекет және қоғам қайраткері ОҢДАСЫНОВ Нұртас Дәндібайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында туған.

1920-1926 жылдары Ташкенттегі қазақ мектеп-интернатында тәрбиеленіп, Түркістан орман техникумында оқыған. БК(б)П Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.

1926-1930 жылдары Қызылорда облыстық орман шаруашылығы орманшысының көмекшісі, су шаруашылығы бөлімінің статисті, Жамбылдағы Талас зерттеу партиясының кіші технигі, Шымкент облыстық су шаруашылығы бөлімінің технигі болған. 1931-1938 жылдары - Ташкент ирригация институтының бөлім меңгерушісі, кеңшар директорларын даярлайтын курс директорының орынбасары, Қазақ орман шаруашылығы тресі директорының орынбасары, директоры, Қазақ КСР Жер халкоматы басқармасының бастығы. 1938 жылы - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1938-1951 жылдары - Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы. 1954-1962 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облыстық партия комитетінің 1-хатшысы.

Ұлттық кадрлар дайындауға үлкен көңіл бөлген. 1946 жылы Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясын құруға атсалысқан. 1962 жылдан Мәскеуде ғылыми жұмыстармен айналысқан. Араб-қазақ, парсы-қазақ түсініктеме сөздіктерінің авторы.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, үш мәрте Ленин ордендерімен марапатталған. Туған ауылына, ондағы орта мектеп пен көшелерге есімі берілген.

8 6 жыл бұрын (1929) ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЖАРЫҚБАЕВ Құбығұл Бозайұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Алға ауданының Көкбұлақ ауылында туған.

Ақтөбе мұғалімдер институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1951-1958 жылдары - Қызылорда педагогикалық институтының ассистенті. 1958-1977 жылдары - Шымкент педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 1977-1998 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, кафедра меңгерушісі, профессоры. 1998 жылдан - Т.Тәжібаев атындағы этнопедагогика және этнопсихология оқу-зерттеу орталығының директоры болған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстандағы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихын, этнопсихология мәселелеріне бағытталған. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психологиясының ұғым-түсініктері жан-жақты талданған.

61 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД органдары Жарғылық органдар жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы БӨЛЕГЕНОВ Ерғали Бөлегенұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған.

Москвадағы П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетін, Қазақстан химия-технология институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

1986-1991 жылдары партия басшылық қызметтерінде болған. 1992-1995 жылдары - Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысы Абай ауданы әкімшілігінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1995-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері бойынша департаменті кеңесшісі, бөлім бастығы, басқармасының бастығы. 2001-2005 жылдары - Украинадағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі. 2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері бойынша департаменті директоры. 2008-2012 жылдары ҚР-ның Испания Корльдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі.

Қазіргі қызметінде - 2012 жылдың қаңтар айынан.

51 жыл бұрын (1964) «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары МАМЫТБЕКОВ Еділ Құламқадырұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. А.Жданов атындағы Ленинград (Санкт-Петербор) мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.

1991-1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылық және әкімшілік қызмет атқарған. 1996-1998 жылдары - Үкімет Аппаратының, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкері. 1998-2007 жылдары -ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас эксперті, әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас эксперті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің экономикалық саясат басқармасының бас инспекторы. 2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2008-2009 жылдары - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі. Физика-математика ғылымының кандидаты, доценті, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі. 2010 жылғы қазаннан ЕурАзЭҚ жанындағы Кеден одағы комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2015 жылдың шілде айынан.

Ғылыми басылымдардың, математика мен экономика мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралдарының авторы.

Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1955) «Қазгеология» ұлттық геологиялық-барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар Академиясының академигі ӨЖІКЕНОВ Болат Сұлтанұлы дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі К.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

Еңбек жолын Каспий маңындағы мұнайбарлау экспедициясы бұрғылаушысының көмекшісі болып бастады. 1979-1990 жылдары - Оңтүстік Қазақстан аумақтық геология басқармасының іздестіру-түсіру экпедициясында отряд бастығы, геолог. 1990-1992 жылдары - Қазақстан геологиялық басқармасы Қазақстан барлау-өндіру экспедициясының партия бастығы, экспедиция бастығы, «Қазминерал» өндірістік-геологиялық кәсіпорнының директоры. 1992-1993 жылдары - Қазақ Республикалық «Қазгеобақылау» жер койнауын қорғау және геологиялық тексеру басқармасының бастығы. 1993-1995 жылдары - «Южказгеология» Оңтүстік Қазақстан аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі басқармасының бас инженері, бастығы. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне қарасты «Казгоснедра» минералдық ресурстар бас баскармасының бастығы. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын корғау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі вице-министрі қызметтерін атқарған. 2001-2004 жылдары ҚР эенергетиа және минералдық рес урстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы маусымнан бері.

Көптеген монографиялар, мақалалар, басылымдардың авторы.

«Астана» медалімен, «Қазакстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған, Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты.

39 жыл бұрын (1976) ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары АШУЕВ Айдын Жұмабекұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келді. 1997 жылы экономика мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын бітірді.

09.10.1995-29.03.1999 жылдар аралығында «Ақжол» ЖШС менеджер болып жұмыс атқарды.

19.12.1999-01.01.2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы демографиялық статистика бөлімінің бас сарапшысы міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

01.01.2000-25.01.2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде Төрағаның көмекшісі болды.

25.01.2001-03.01.2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Статистикалық ақпаратты талдау және жариялану департаменті әлеуметтік талдау және конъюнктурлық зерттеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

03.10.2002-09.07.2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Үйлестіру және статистикалық құрал департаменті статистикалық құрал және үйлестіру басқармасы халықаралық статистикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы болды.

09.07.2003-15.08.2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кеңесшісі міндетін атқарушы болды.

25.08.2003-07.06.2004 жылдар аралығында «Сараптық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ Басқармасы Төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарды.

07.06.2004-15.06.2005 жылдар аралығында «Сараптық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ Сату және маркетинг департаментінің (сату бойынша) бас маманы болып жұмыс атқарды.

07.06.2005-21.06.2006 жылдар аралығында «MAG» АҚ Құрылыстық өндірістік техникалық жиынтығы департаментінің директоры, Құрылысты жиынтықтау департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

02.10.2006-20.11.2006 жылдары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік ұлттық институты» РМҚК контрафактілік өнімдердің мониторингі және сараптамасы қызметінің басшысы болды.

20.11.2006-16.02.2007 жылдары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік ұлттық институты» РМҚК «Құқықтық-патенттік консалтинг орталығы» филиалының директоры болды.

20.02.2007-19.07.2007 жылдары «Казагро» Ұлттық холдингі» АҚ корпоративтік басқарма департаментінің бас менеджері болды.

19.07.2007-31.07.2008 жылдары «Казагро» Ұлттық холдингі» корпоративтік басқарма департаментінің директоры болды.

01.08.2008-05.04.2009 жылдары «КазАгроГарант» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

26.05.2009-02.11.2009 жылдары Қазақстан Республикасы ТЖМ мемлекеттік материалдық комитетінің «Резерв» РМК Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

03.11.2009-14.07.2011«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК директоры болды.

2011 жылғы 15 шілдеден бастап ҚР Статистика агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келсе, 2014 жылғы 26 тамыздан - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары.

44 жыл бұрын (1971) Астана қаласы Білім басқармасының басшысы СУХАНБЕРДИЕВА Эльмира Амангелдіқызы дүниеге келген. Атырау облысының Гурьев қаласында туған. .

1994 ж. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тарихжәнеқұқық» факультеті.

2002 ж. «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша Халықаралық Еңбек академиясын аяқтаған.

2009 ж. - Халықаралық Бизнес академиясы: іскер әкімшілік магистрі, ЖАМ ғылыми атағы бар.

2010 ж. - Астана қаласы № 60 мектеп-лицейінің директоры. 2012 ж. - Астана қаласының Қалалық мәслихатының 5 шақырылым Депутаты. 2014 ж. - Астана қаласы Білім басқармасының басшысы.

«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» жоғары мәртебесіне ие болған. Астана және Алматы қалалары әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

204 жыл бұрын (1811-1832) француз математигі ГАЛУА Эварист дүниеге келді. 99 жыл бұрын (1916-1996) саяси қайраткер, Францияның 1981-1995 жылдардағы президенті МИТТЕРАН Француа дүниеге келді. 135 жыл бұрын (1880-1945) кеңестік әскери қолбасшы, инженерлік әскерлер генерал-лейтенанты, «Маутхаузен» концлагерінің құрбаны КАРБЫШЕВ Дмитрий Михайлович дүниеге келді. 132 жыл бұрын (1883-1970) американ философы, жазушы Наполеон ХИЛЛ дүниеге келді. 90 жыл бұрын (1925) балалар жазушысы, кинодраматург ЖЕЛЕЗНИКОВ Владимир Карпович дүниеге келді. 68 жыл бұрын (1947) американ саясаткері, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Родэм КЛИНТОН дүниеге келді. 5 6 жыл бұрын (1959) Боливия президенті Хуан Эво МОРАЛЕС АЙМА дүниеге келді.