26 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман түседі деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, таңертең және күндіз көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысының өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде. Қазақстанның солтүстік бөлігінің су нысандарында бірте-бірте су бетінің салқындауы байқалады.