26 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстікте, шығыста және орталықта тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (көбінесе жаңбыр түрінде),жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысында, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде - тұман, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел күтіледі, күші 15-20 м/с. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.