26 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 маусым күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын әділ белгілеуді қалыптастыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы. Көрсетілім сілтемелері:

https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күніне арналған «Адам саудасының профилактикасы, оны болдырмау және оған қарсы күрес» дөңгелек үстелі өтеді. Дөңгелек үстелге қатысушылар: ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев, ҚР Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры Альбина Боранбайқызы (ZOOM), Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілі, «Сана Сезiм» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноза Хасанова (ZOOM), «Қорғау-Астана» жеке қорының төрағасы Анна Рыль. Көрсетілім сілтемелері:

https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15:00-де «ЭКСПО» бизнес орталығында ашық суда жүзу сайысы «PikeMan» және «Aqbura Bay Trail-2» ойлы-қырлы жері бойынша жүгіріске арналған баспасөз конференциясы өтеді.