26 наурыздан бастап қандай салық есептері қабылданбайды

Коллаж: Canva

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық есептілігін өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі мен Салық төлеушінің ескі кабинетінің толық өшірілуіне байланысты салық есептілігі нысандарын кезең-кезеңімен өшіру жоспарланған. 

1. 2026 жылғы 26 наурыздан бастап СЕӨС-де және ескі СТК-де келесі СЕН-дары өшіріледі: 
1) 200.00 СЕН – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
2) 200.03 СЕН – Құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша;
3) 300.00 СЕН – Қосылған құн салығы бойынша декларация;
4) 400.00 СЕН – Акциз бойынша декларация;
5) 421.00 СЕН – Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебінің нысаны;
6) 860.00 – СЕН – Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
7) 870.00 СЕН – Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша декларация;
8) 910 СЕН – Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация.

2. 2026 жылғы 2 сәуірден бастап СЕӨС-де және ескі СТК-де келесі СЕН-дары өшіріледі: 

1) 220.00 СЕН –Жеке табыс салығы бойынша декларация; 
2) 328.00 СЕН – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
3) 700.00 СЕН – Көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация;
4) 920.00 СЕН – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация. 

Есептерді тапсыру кезінде қиындық туындамас үшін салық төлеушілер жаңа қызметке алдын ала ауысуы керек.

Айта кетелік электрондық шот-фактуралар мен салық төлеу тәртібінде жеңілдіктер енгізілді