26 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және медицина ұйымдарының КВИ-ға қарсы дайындығы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Брифинг Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Сот-сараптама қызметі саласындағы реформа» тақырыбында баспасөз мәлсихаты өтеді. Спикер: ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook

13.00-де Ұлттық музейде ҚР БҒМ Ғылым комитеті тарих және мемлекет институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған жақында жарық көрген «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда тарихы» дәріс курсын музей-қорық қорына сыйға береді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «IV тоқсандағы оқу форматы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова.