Оқиға 27 ақпанда Объездной көшесінде орын алғаны хабарланады. Сол күні 47 жастағы әйел Toyota Avensis маркалы көлікпен келе жатып жүргіншілер жолынан өтіп келе жатқан 37 жастағы әйелді қағып кетті.
Жамбас сүйегі сынған, басы жарақаттанған әйел ауруханаға жеткізілді.
Атап өтсек, кінәлі жүргізуші 26 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін, негізінен жылдамдықты асыру бойынша жазаланған.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды informing.ru.