9.00-де Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
10.00-де Назарбаев университетінің Медицина мектебінде Денсаулық сақтау менеджерлерін әзірлеу мәселелері талқыланатын дөңгелек үстел өтеді.
10.00-де Ibis қонақ үйінде «Тұрақты органикалық ластаушы заттар мен пестицидтер: денсаулық пен қоршаған ортаға қауіп және басқару шаралары» атты тренинг өтеді.
12.00-де Мемлекеттік кірістер комитетінде «Кедендік декларациялау кезінде кедендік құнды анықтау» және «Жеке тұлғалардың тауарларды өткізу тәртібі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
14.00-де Esil University-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.