11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Астанада қоғамдық көліктердің жаңартылуы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: «№1 Автобус паркi» АҚ Басқарма төрағасы Медет Шакаев. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ЕАЭО сыртқы шекарасындағы өткізу бекеттерінде кедендік әкімшілендіру» туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Саудабаев Елдос Ермағамбетұлы; Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бас диспетчерлік басқарма басшысының орынбасары Сибағатов Нұрлыбай Майланұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан экономикасының секторлары үшін ғарыштық мониторинг» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Оралмағамбетов Баубек Жеткергенұлы; ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Буралхиева Разия Сламханқызы; «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК«АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тойшыбеков Өскен Қарабайұлы.
Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Қаңғыбас иттер: мәселені шешу және шабуылдардан қорғану жолдары» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК директорының міндетін атқарушы Жаңабай Шүкібаев. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында Асхат Маемировтың «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.