АСТАНА
11:00-де ҚР Сыртқы істер министрлігі ғимаратында «Инвестициялық мүмкіндіктер: орнықты даму үшін жаңа шешімдер» тақырыбына дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өтеді.
12.00-де «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, «Нұр Отан» партиясы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қала әкімдігінің және бизнес қауымдастығының қолдауымен «Қазақстандағы үздік әлеуметтік жобалар» байқауының қорытындысын салтанатты түрде өткізеді.
16.30-да әйгілі Париж ұлттық опера театры балет труппасының гастроліне орай баспасөз-конференциясы өтеді.
17.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның қатысуымен медициналық көмекті ұйымдастыру туралы азаматтарды онлайн қабылдау ұйымдастырылады.
АЛМАТЫ
11.30-да Қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының орынбасары Алмасхан Ахметжанов «2017 жыл және 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар, абаттандыру, күрделі жөндеу жұмыстары бойынша есеп беру» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков аймақтық көрсеткіштер бойынша 6 айға арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.