26 шілде: Туған күн иелері

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 26 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1954) ҚазақстанФутбол федерациясының президенті ӘділбекРыскелдіұлы ЖАҚСЫБЕКОВ дүниеге келді.

Қостанай облысы, Қарабалықауданының Бөрілі ауылында туған.

1977 жылы Бүкілодақтықмемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетінбітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында«материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайтадаярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақ КСР Мемкино жәнеМемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған.

1988-1995 жылдары «Цесна»көпсалалы корпорациясын басқарды.

1995 жылы ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің Сенатына сайланды.

1996 жылы – Ақмола облысыәкімінің бірінші орынбасары.

1997-2003 жылдары –Астана қаласының әкімі.

2003-2004 жылдары –Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

2004-2008 жылдары –Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2008 жылғы қаңтармен қазан аралығында – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясытөрағасының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентініңкеңесшісі.

2008-2009 жылдары –Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жәнеӨкілетті Елшісі.

2009-2014 жылдары –Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

2014 жылғы сәуірмен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2014-2016 жылдары –Астана қаласының әкімі.

2016-2018 жылдары ҚазақстанРеспубликасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2018 жылғы қыркүйектен «Цесна»корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазіргі қызметін 2018жылғы ақпан айынан бері атқарып келеді.

Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік сыйлығының лауреаты.

«ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», I, II және III дәрежелі«Барыс», III дәрежелі «князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен жәнемедальдармен наградталған.

Төтенше және ӨкілеттіЕлші дипломатиялық дәрежесіне ие.

34 жыл бұрын (1985) Қазақстан Республикасы Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Ләззат Кеңесқызы СҮЙІНДІК дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағыЕуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалықуниверситетін, Ұлыбританияның Шеффилд университетін («Болашақ» бағдарламасыныңтүлегі, өнер магистрі) бітірген.

Еңбек жолы: ҚазақстанРеспубликасы Жастар Конгресі қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері (2005);«Парасат» ақпараттық-талдау орталығы біріккен қоғамының бас маманы (2005-2006);Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат департаменті Ақпараттық саясат және БАҚмониторингі бөлімінің сарапшысы (2006-2008); Мәдениет және ақпаратминистрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған (2008-2014); ҚазақстанРеспубликасы Инвестициялар мен даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру жәнеақпарат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы (2014-2016); ҚазақстанРеспубликасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетітөрағасының (2016-2018) орынбасары.

Қазіргі лауазымын атқаруға2019 жылғы мамыр айында кірісті.

Соңғы жаңалықтар