Жетісу облысында облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз таулы жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, ал күндіз шығысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.
Абай облысында облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы күндіз 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, ал оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше деңгейде сақталады. Өскемен қаласында түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Алматы қаласында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Алматы облысында облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай, орталығында аздаған жаңбыр күтіледі. Таулы өңірлерде күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында түнде және таңертең аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз 35°С ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында таулы аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Тараз қаласында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Атырау қаласында да күндіз жел күшейеді.
Ақмола облысында облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с. Облыстың батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 35°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Батысында жоғары, ал оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Шымкент қаласында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысында таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы 40… 41°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. 26–27 шілде күндері облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жоғары, ал батысында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Ақтау қаласында күндіз желдің жылдамдығы 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы 38… 39°С болады.
Ұлытау облысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35… 38°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз 35°С ыстық күтіледі.
Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және қатты жел күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы 40… 42°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 40… 41°С ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстауда ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілетінін жаздық.