ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1966) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Әсембекұлы ҚАНЫБЕКОВ дүниеге келді.
Қазіргі Түркістан облысының Төлеби ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы – ғалым агроном, экономист.
Еңбек жолын 1988 жылы Алматы облысы Талғар ауданының Мичурин атындағы колхозында колхозшы болып бастаған. 1992-1994 жылдары «Бақтілеу» фирмасының халық тұтынатын тауарларын тарату цехының бастығы. 1994-1995 жылдары «Бақтілеу» фирмасы директороның коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары. 1995-2000 жылдары «Заман» ЖШС директорының орынбасары. 2000-2001 жылдары «Корпорация НИМЭКС» ЖШС аға менеджері. 2001-2005 жылдары «Корпорация НИМЭКС» ЖШС Түркістан қаласындағы директоры. 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы «Корпорация НИМЭКС» ЖШС Шардара ауданы мақта зауытының директоры. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі. 2009-2010 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-аумақтық және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2010 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің (VI шақырылым) депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшесі.
2025 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
59 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Әнуарбекұлы ТҰМАТОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1993 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітрген.
Еңбек жолы: 1993-1994 жылдары «Казкоммерцбанк» Акционерлік қоғамының Валюта реттеу департаменті басшысының орынбасары.1994-1998 жылдары «Дәукен» ЖШС атқарушы директоры.1998-2000 жылдары Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің менеджері. 2000-2004 жылдары ҚР Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші және бірінші хатшысы. 2004-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Экономика және гуманитарлық істер жөніндегі департаментінде басқарма басшысы, бөлім бастығы. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (БАӘ) Бас консулдығының бірінші хатшысы. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әміріліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі болды. 2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ақпараттық-сараптамалық департаменті директорының орынбасары. 2008-2010 жылдары ҚР Біріккен Араб Әміріліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2010-2011 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2011-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің директоры қызметін атқарды.
2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
52 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Жанболатұлы ІЛИЯСОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген. 1994-1995 жылдары АҚШ-тың Монтана Штатындағы Университетте білім алмасу бағдарламасы бойынша оқыды. ҚазМӘТУ-ді бітіргеннен кейін, 1996 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында (референт, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар бас басқармасында атташе, БҰҰ және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында үшінші, екінші хатшы) қызмет етті. 1998 жылғы мамыр мен тамыз аралығында – «Клингендаль» халықаралық қатынастар институты дипломатиялық курстарының тыңдаушысы, Гаага, Нидерланды. 1999 жылдан бері – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді (Президент Протоколында конусультант, Президент Кеңсесінде бас сарапшы, Сыртқы саясат орталығында бас инспектор). 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2013 жылғы мамырда ҚР Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Гарвард Университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2013 жылғы маусым мен желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2016-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы Қазақстан Республикасынның тұрақты өкілі. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі (2020-2022).
2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
34 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Цифрландыру және инновация институтының директоры Мұрат ҚОЖАНОВ дүниеге келген.
1992 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (IT) докторантураны және Обуда университетінің (Венгрия) докторантура мектебінде докторантураны аяқтаған. Цифрландыру бағдарламасы бойынша 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі: Қарағанды техникалық университетінде зертхана меңгерушісі, IT жобаларын әзірлеу басшысы және киберқауіпсіздік және жасанды интеллект кафедрасының меңгерушісі (2015-2025); Қарағанды техникалық университетінің университеттік кластерінде кафедра меңгерушісі және цифрлық бастамалардың үйлестірушісі (2025-2026).
2026 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.