«Алматы Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, 26 тамызда сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.
Шектеулер келесі көшелер аумағында енгізіледі:
• Абылай даңғылы – Сайын көшесі – Шаляпин көшесі – Әшімов көшесі;
• Шаляпин көшесі – Сайын көшесі – Жандосов көшесі – Яссауи көшесі;
• Жандосов көшесі – Үлкен Алматы өзені – әл-Фараби даңғылы – Сайын көшесі;
• Жандосов көшесі – Сайын көшесі – Асқаров көшесі – Қарғалы өзені;
• Дулати көшесі, Хан-Тәңірі ықшамауданы.
Мамандардың хабарлауынша, жұмыстарды жүргізу кезінде Алтынсарин даңғылы – Шаляпин көшесі – Сайын көшесі – Абылай даңғылы аудандарында судың қысымы төмендеуі мүмкін.
– «Алматы Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұтынушылардан техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты туындаған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды, - делінген хабарламада.
Қала тұрғындары қосымша ақпарат алу үшін 274-66-66 нөміріне хабарласа алады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлаған едік.