ЕСІМДЕР
Алматы қаласында туған. Новосибирск инженер-құрылыс институтын бітірген. Алматы қаласындағы Қазақ қала құрылысын жобалау институтында жобалау тобының жетекші, жобалау шеберханасының сәулетшісі қызметтерін атқарған. Оның негізгі жұмыстары: Республика сарайы (Н.И. Рипинский, В.Ю. Алле, В.Н. Ким, Л.Л.Убохотов т.б. бірге), «Қазақстан» қонақ үйі (Убохотовпен бірге), Саяси-оқу үйі (Т.Ералиевпен бірге), Орталық мұражайы (З.Мустафинмен бірге) т.б. ғимараттарды салған. КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
1974 жылы санитар дәрігер мамандығы бойынша Қарағанды медициналық институтын тәмәмдап, Талдықорған облысының Киров аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық бөліміне меңгеруші ретінде жолдама алды, кейін СЭС бас дәрігері болып тағайындалып сол лауазымда 1981 жылға дейін қызмет атқарды. 1981-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1988 жылдары - Талдықорған қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1988-1989 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1991 жылдан 1994 жылға дейін Алматы облысы Бас Мемлекеттік санитар дәрігер лауазымын атқарды 1994 жылдан 1996 жылға дейін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері. 1996 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының бастығы. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі. 2009 - 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы. Үш монографияның, 124 ғылыми мақала мен 5 әдістемелік ұсынбаның авторы. «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
64 жыл бұрын (1954-1995) кинорежиссер САЛЫҚОВ Қалықбек Садықұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген. 1980-1981 жылдары Шымкент облыстық драма театрында режиссер болып қызмет атқарған. 1981 жылдан бастап кино түсірумен айналысады. Режиссердің ассистенті, екінші режиссер болып тәжірибе жинақтаған. 1984 жылы алғашқы көркем фильмі «Торды» түсірген. Сондай-ақ оның «Балкон», «Желтоқсан көңілдестері» фильмдері бар.
Ол Фрунзе политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығымен бітірген (1983).
Еңбек жолы: ауыл мектебінде оқытушы; «Коммунистік» ұжымшарының партия ұйымының хатшысы; 1992 жылы «Дауров и К» фирмасының негізін қалады; соның негізінде бес жылдан кейін «Шэнси» ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрды.
Қазіргі лауазымын 2000 жылдан бері атқарып келеді.
1963 жылдың 26 тамызында Қарағандыда туған.
Мәскеу инженер-физикалық институтының кибернетика факультетін қолданбалы математика мамандығы бойынша, сондай-ақ, Қарағанды экономика университетін қаржы және кредит мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін ол «Алтел» АҚ вице-президенті (2005-2007 жж.), "Транстелеком" компаниясының президенті (2009-2012 жж.), 2012-жылдан бастап мобильді байланыс бойынша "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі қызметінің алдында "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы болды.
2015 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы - ғалым агроном, экономист.
Еңбек жолын 1988 жылы Алматы облысы Талғар ауданының Мичурин атындағы колхозда колхозшы болып бастаған. 1992-1994 жылдары «Бақтілеу» фирмасының халық тұтынатын тауарларын тарату цехының бастығы. 1994-1995 жылдары «Бақтілеу» фирмасы директороның коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары. 1995-2000 жылдары «Заман» ЖШС директорының орынбасары. 2000-2001 жылдары «Корпорация НИМЭКС» ЖШС аға менеджері. 2001-2005 жылдары «Корпорация НИМЭКС» ЖШС Түркістан қаласындағы директоры. 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы «Корпорация НИМЭКС» ЖШС Шардара ауданы мақта зауытының директоры. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі. 2009-2010 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-аумақтық және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2010 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
2016 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
Алматы қаласында туған. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген. 1994-1995 жылдары АҚШ-тың Монтана Штатындағы Университетте білім алмасу бағдарламасы бойынша оқыды. ҚазМӘТУ-ді бітіргеннен кейін, 1996 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында (референт, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар бас басқармасында атташе, БҰҰ және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында үшінші, екінші хатшы) қызмет етті. 1998 жылғы мамыр мен тамыз аралығында - «Kлингендаль» халықаралық қатынастар институты дипломатиялық курстарының тыңдаушысы, Гаага, Нидерланды. 1999 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет істейді (Президент Протоколында конусультант, Президент Кеңсесінде бас сарапшы, Сыртқы саясат орталығында бас инспектор). 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2013 жылғы мамырда ҚР Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Гарвард Университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2013 жылғы маусым мен желтоқсан аралығында - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2013 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.
2016 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Ол Жамбыл облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін бітірген, экономист; Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, заңгер; «АӨК экономикалары және ауылдық жерлерді дамыту» ҒЗИ» РМК аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы: «АТФ Банк» АҚ несие департаментінің қызметкері (2000-2003); «Мой дом» ЖШС директоры (2003-2010); Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы (2010-2011); Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясында оқытушы (2011-2014); «Нұрсат» АҚ коммерциялық директоры (2012-2013); «Отан» зейнетақы қоры» АҚ әкімшілік директоры (2014); ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі (06.2016-12.2016); «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарушы директоры (2016-2018).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы маусымда кірісті.
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы ҰҚҚ шекара қызметі Авиациялық базасына 80 жыл» медальдарымен марапатталған.
108 жыл бұрын (1910-1997) діни және қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты, Қайырымдылық орденінің негізін қалаушы ТЕРЕЗА АНА (Агнес Гонджа Бояджиу) дүниеге келді. Балқанда туған деп саналады, алайда монахинаны жерлеу күндері Македония Республикасы оның осы мемлекеттің астанасы Скопьеде туғанын мәлімдеді. 18 жасында Ирландияға кетіп, «Лорето ирландық бикелері» монахтар орденіне кірді. 1931 жылы Тереза есімін алды. Кейіннен орден оны Калькуттаға жіберіп, сонда 20 жылға жуық уақыт әулие Мария әйелдер мектебінде сабақ берді. 1946 жылы 10 қыркүйекте орден басшылығынан Калькуттаның кедей және бейшара адамдарына көмек көрсетуге рұқсат алды. 1948 жылы сонда Қайырымдылық орденін ұйымдастырды. 1965 жылдан бастап Қайырымдылық ордені басқа елдерде де ашылып, бүгінде әлемнің 111 елінде 400 бөлімшесі және 120 елде 700 қайырымдылық үйі ашылып отыр. Оның миссиясы сондай-ақ табиғи апаттарға және экономикалық қиыншылыққа ұшыраған елдерде де қызмет етеді. 1979 жылы Терезаға Нобель сыйлығы берілді. 87 жасында қайтыс болды. 2003 жылы Католик шіркеуі оны әулиелер санатына жатқызды.