Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ авто» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары «Ивеко» автомобиліне 26 тонна дизельді тиеп, Ресей Федерациясына заңсыз жолмен өткізбек болған 40 жастағы Ресей азаматын ұстады.
«Аталған дерек бойынша, Қарабалық ауданының ішкі істер бөлімі хабарландырылды. Фильтрациялық іс-шаралар жалғастырылуда», делінген хабарламада.