26 туристің алтауы ғана тірі қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньда болған жол-көлік апаты салдарынан 20-дан астам адам опат болды. Апат халықаралық әуежайға баратын күре жолда орын алған.

Құтқарушылардың айтуынша, негізінен қытайлық туристер мінген автобус жол жиегіндегі қоршауға соғылған, артынша көлік отқа оранған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 26 адамның алтауын ғана шығарып үлгеріпті. Осы жылдың маусымында Қытайдың Хунань провинциясында болған жол-көлік апатынан автобустағы 56 адамның 35-і өрттің құрбаны болған еді.