26 жасар театр актері сахнада қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оренбургте гастрольдеп жүрген Et Cetera мәскеу театрының 26 жасар актері Никита Быченков спектакльдің үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Оренбург облысы мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлағандай, «жас әртіс спектакльдің үстінде сахнада қайтыс болды. Гастрольдер тоқтатылды». Алдын ала болжам бойынша, актердің жүрегі ұстап қалған.