26 жастағы Қаскелең тұрғыны күні-түні онлайн-ойын ойнап, инсультқа шалдықты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны ойынға деген құмарлықтың қаншалықты қауіпті екеніне көз жеткізді. Мұнда психологиялық проблемалар емес, өмірге төнген қауіп туралы айтылып отыр.

26 жастағы Қаскелең тұрғыны бірнеше түн бойы «Танктер» онлайн-ойынын ойнаған. Кейін қолы әлсіздене бастағанын, одан кейін жалпы әлсіздікті сезініп, соңыра жігіт есінен танып қалған, деп хабарлады №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметінен.

Жігіт ауруханаға жеткізілді. Ол қалалық аурухананың реанимациясында бір тәулікке жуық жатқан. Жігіт инсультке шалдыққан. Денесінің бір бөлігі толық істен шыққан. Кейін оны Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына ауыстырды. Мұнда №1 инсульт бөлімшесінің мамандары жігіттің өміріне араша түсті. Бірнеше күннен кейін ол қайта қозғала бастады, кейін өздігінше жүріп, сөйлей бастады.

Медициналық мекемеде түсіндіргендей, 9 күннен кейін жігіт жүрді, оң қолын қозғалта алады, сөйлейді, дегенмен сөйлеу қабілеті нашарлаған.