26 жастағы Оклахома бойжеткені «АҚШ аруы» байқауының жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Батон-Руж (Луизиана штаты) қаласында өткен 64-ші жыл сайынғы «АҚШ аруы» байқауында 26 жастағы Оклахома штатының өкілі Оливия Джордан жеңіске жетті.

22 жастағы Техас өкілі Юлианна Гуэрра 2-ші орынға ие болды.

Байқауға 50 штат пен Колумбия округінің намысын қорғаған қыздар қатысты.

АҚШ аруы атанған Джордан фитнес-нұсқаушы және жеке бапкер болып жұмыс істейді. Ол Бостон университетін тәмамдап, медицина ғылымдарының бакалавры дәрежесін алған. Жеңімпазға тәжді «АҚШ аруы 2014» 25 жастағы Лас-Вегас (Невада штаты) өкілі Ниа Санчез кигізді.