26 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 26 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 11.00-де «Қазмедиа орталығында» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығының негізгі салалары, атап айтқанда мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы бойынша жыл қорытындысын жария етеді.

Сағат 12.20-дa Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика министрлігінің 2018 жылдың қортындылары және 2019 жылға қойылған міндеттері бойынша баспасөз-конференциясы өтеді. Спикер: ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, аудармашы Маржан Ершудың «ҚОЖАНАСЫР ЖЫРЛАЙДЫ» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Сағат 15.00-де E-10 көшесінде заманауи қоғамдық дәретханасы бар алғашқы «ақылды әрі жылы» аялдаманың ашылуы өтеді.

Сағат 16.20-дa Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасындағы IMEI кодтардың тіркелуіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жаңа жылдық мереке кезінде уланып қалудан сақтау (сыйлықтар, ойыншықтарға арналған ойыншықтар, корпоративтік іс-шаралар және демалыс кестесін дайындау бойынша ұсынымдар), әсіресе қауіпті инфекциялардың алдын алу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Қазақстанда элеваторларды, эскалаторларды жеткізу, жол жүру және мүгедектерге арналған көтергіштерді жеткізу, орнату және пайдалану бойынша жаңа талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар қабылданды» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Ұйымдастырушы - Қазақстан Ұлттық лифтшілер қауымдастығы.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп қытай халық композиторы Сиан Синхайға арналған мемориалдық фотокөрмені ашады.

ТҮРКІСТАН

Сағат 16:00-де «TURKISTAN MEDIA» орталығында Мақтаарал ауданының әкімі Бахыт Нәсірханұлы Асанов өңірдің 11 айдағы экономикалық-әлеуметтік көрсеткіші бойынша брифинг өткізеді.

Сағат 10.30-да Түлкібас ауданына баспасөз туры ұйымдастырылады. Шара аясында Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 32 пәтерлік 2 тұрғын үй,  Балықты ауылында 10 пәтерлік 1 тұрғын үй пайдалануға беріліп, Түлкібас ауданы әкімдігінің жанынан «Халықтық кеңсе» ғимаратының ашылу салтанаты өтеді.  

КӨКШЕТАУ

Сағат 15.00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысының қорытындылары» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Спикерлер: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, Ақмола облысының тариxи-өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақов, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақов, Білім басқармасының бас маманы Марина Ли.