Кештің басты ерекшелігі – әлемдік деңгейдегі халықаралық байқауларда көк туымызды көкке көтеріп жүрген, республика бойынша өте талантты ерекше балалар үлкен сахнада өнер көрсетеді.
Шара мүмкіндігі шектеулі және мүгедек шығармашылық дарынды балалар мен жастарды, қазақстандық эстрада жұлдыздарын, меценаттарды, елорда тұрғындары мен қонақтарын біріктіреді.
Сондай-ақ, фестиваль барысында демеушілер тарапынан екі көпбалалы аз қамтылған отбасына пәтер кілті табысталады.
Кештің басты хэдлайнері – Димаш Құдайберген.
Атап айтқанда NAZIMA, Тамара Асар, «Бастау» тобы, KOBA&MANS, Mona Songz, ALPHA, Aidyn, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай өнер көрсетеді.
Шара кезінде «Қарақат» мектеп студиясының 100 шәкірті жетігенде, «Алтын домбыра» мектебінің 100 оқушысы домбырада ұлттық күйлерді орындайды.
Билеттер Kino.kz сайтында (бағасы 15 000 тг-ден басталады).
Өтетін орны:Астана қаласы, «Барыс Арена», Тұран 57.
Өтетін уақыты: 26 желтоқсан жыл, сағат 19:00.