26 желтоқсанда республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 желтоқсанда Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар күтіледі.

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста  ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола,  Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, жел екпіні  15-20 м/с жетеді.

Жамбыл,  Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,  Қарағанды облыстарының кей жерлерінде  тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде  түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде  бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.