26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет
Республиканың батысына ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады деп күтілуде, жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Жарма ауданында жел екпіні 25 м/с болады. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-ке күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде боран соғады деп күтілуде, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында боран соғады деп күтілуде, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады, түнде жекелеген аудандарда жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Қарағанды облыстарында, түнде Ақтөбе облысында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Атырау облысының жекелеген аудандарда тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Түнде Павлодар облысының жекелеген аудандарда жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның сулы нысандарында мұз қалыптасу үрдісі жалғасады, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының жекелеген өзендерінде сең қалыптасуы, су деңгейі көтерілуі мүмкін.