«182 мемлекеттік қызметші (7%), 2 363 бюджеттік мекемелердің қызметкері (90,9%), сонымен қатар, 55 қала тұрғыны өз еркімен (2,1%) мемлекеттік тілді меңгерді. Мемлекеттік емес органдардың өкілдері жоқ. 2012 жылмен салыстырғанда курстан өткен бюджеттік ұйым қызметкерлерінің саны 45 адамға артқан», - деді astana.kz сайтына қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов.
Айта кетейік, курсты тәмамдаған 1043 тыңдаушының 680-і сертификаттар, 363 тыңдаушы анықтама алды, ал қыркүйек айынан бастап 1 522 адам 133 топта оқуын жалғастыруда.