264 теміржолшы жаңа қонысқа көшті
Биылғы жылдың өзінде ҚТЖ еңбеккерлерінің ішінде 806 адам елордада пәтер кілтіне ие болды. Бұл акция өз ретінде Астанада пәтер алу кезегінде тұрған жандарды үштен бірге азайтты.
Бәрінен бұрын, Компанияның тиісті нормативтік құжаттарына сәйкес осы пәтерлердің кілтіне ие болғандардың төрттен бірін яғни 244 пәтер иелерін 30 жасқа дейінгі жастар мен жас отбасылары құрайды. Жаңа пәтер иелерінің 89 пайызы - өндірісте еңбек ететін мамандар.
Компанияның Тұрғын үй саясаты бағдарламасы келесі жылы да жалғасын табады. 2014 жылдың алғашқы тоқсанында Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінің үшінші кезегін тапсыру жоспарланып отыр.
2008 жылы басталған ҚТЖ тұрғын үй бағдарламасы аясында бүгінге дейін республика орталығы мен аймақтарда 3300 теміржолшы тұрғын үй жағдайын жақсартты.