27-28 қарашада Астанада мектептер, вокзалдар мен әуежай қалай жұмыс істейді

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 27-28 қараша күндері елордадағы теміржол вокзалдары, әуежай мен мектептер қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы тиісті ведомстволар хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 27-28 қарашасы аралығында Астанада шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.

Бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлаған болатын.