27-29 маусымда еліміздің басым бөлігінде ыстық басылады – синоптиктер болжамы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Фото: Pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды циклон әсер етеді. Соның салдарынан батыс және солтүстік-батыс облыстарда найзағаймен бірге қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 

«27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда республиканың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. 27 маусымда республиканың солтүстік-батысында, 28-29 маусымда оңтүстігінде, 29 маусымда солтүстік бөлігі мен орталықта аптап ыстық төмендейді. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында 40 43°С аптап ыстық сақталады», - деп жазды «Қазгидромет». 

Еске салсақ, бұған дейін Қазгидромет еліміздегі 26 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасаған еді.