27 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 27 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

27 АҚПАН, БЕЙСЕНБІ

Доминикан Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1863). Гаити аралының шығыс бөлігі мен соған шектесіп жатқан шағын аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Санто-Доминго қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. Ел аумағы әкімшілік жағынан 29 провинцияға, 1 ұлттық округке бөлінеді. Елді және атқарушы үкіметті президент басқарады. Заң шығарушы органы - екі палатадан тұратын Ұлттық конгресс. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, Оңтүстік Америка мемлекеттері. Сондай-ақ БҰҰ, Америка мемлекеттері ұйымына, Латын Америкасы экономикалық одағы, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше.

Халықаралық ақ аю күні. Аталмыш табиғат мерекесі туралы бастаманы ақ аюларды қорғаумен айналысатын халықаралық Polar Bears International (PBI) ұйымы көтерген болатын. Бұл мерекенің мақсаты - ақ аюлар туралы ақпаратты бұқараға кеңінен насихаттап, оларды қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Әсіресе, бұл мереке ақ аюлар мекендейтін Ресей, Норвегия, Гренландия, АҚШ және Канада елдері үшін маңызды.

АҚШ-тағы ұлттық құлпынай күні. Жаз мезгілінде өсетін жидекке арналған бұл мерекені неліктен қыста атап өтеді деп таң қалатындар көп. АҚШ-та 27 ақпан көктем болғандықтан, оны халық «көктем жемісі» деп атайды. Себебі, бұл жидек бірінші болып піседі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 3 жыл бұрын (2001) Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан облыстық ұлт аспаптар оркестрі өнер ұжымының тұсаукесер рәсімі өтті. Оркестр Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы жанынан құрылды. Құрамында 50-ден астам арнаулы жоғары кәсіби білімді мамандар бар. Оркестрдің репертуарында халық композиторлары Құрманғазы мен Динаның, Түркештің, Дәулеткерейдің күйлері, Н.Тілендиевтің, К.Күмісбековтың, А.Жайымовтың, Е.Брусиловскийдің, С.Мұхамеджановтың, т.б. шығармалары, орыс және Еуропа композиторларының туындылары бар.

10 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

8 жыл бұрын (2006) Орал қаласының 30 көшесі атауларын өзгертті. Бұл шешім қалалық мәслихатың отызыншы сессиясында қабылданды. Отырыс барысында қалалық әкімшілік жанындағы ономастикалық комиссияның ұсынысы қаралды. Енді Орал қаласының орталық магистральды көшелерінің тізіміне кіретін Фурманов және Кутяков көшелеріне қазақтың ұлы композиторы Құрманғазының және көрнекті саясат қайраткері Әбілқайыр ханның есімі берілді. Батыс Қазақстан облысы әкімшілік орталығының картасында аты аңызға айналған батыр қыздарымыз Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, академик Асан Таймановтың, профессор Мәтжан Тілеужановтың және Всеволод Ивановтың, атақты домбырашы Дина Нұрпейісованың, ақын Әбубәкір Кердерінің, Жұбан Молдағалиевтің және Қасым Аманжоловтың, жазушы Никита Савичевтің, ойшыл Ғұмар Қараштың және тағы да басқа белгілі тұлғалардың есімдері берілді.

7 жыл бұрын (2007) Алматыда Литваның Құрметті консулдығы ашылды. Екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынасы 18 жыл бойы жалғасып келеді.

7 жыл бұрын (2007) Оралдық белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайыр Бектұрғановтың «Ат жалы» атты повестер жинағы жарық көрді. Орал қаласындағы «Дастан» баспасынан басылып шыққан бұл кітап жазушы шығармаларының үшінші томы болып табылады. Мұндағы алты повестің бәрі де орта жастағы балалар мен жасөспірімдерге арналған.

7 жыл бұрын (2007) Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің интернетте жеке сайты ашылды. Сайттың 12 бөлімінде ІІД құрылымы туралы ақпарат, департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған. Басқармалардың парақтарында жол апаты кезінде өзіңді қалай ұстау қажеттігін, қаруға рұқсатты қалай рәсімдеуге болатынын білуге, Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына түсу ережелерімен танысуға болады. «Кері байланыс» бөлімінде солтүстікқазақстандықтар өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады, олардың жауаптары кейіннен сайтта орналастырылады. Веб-сайтта «Назар аударыңыздар! Іздеу», ішкі істер департаментінің телефон анықтамалығы, сенім телефондары бар.

6 жыл бұрын (2008) Алматыда Ұстаздардың құқығы мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестік құрылды. Ұстаздар мен билік арасында көпір болу міндетін атқаратын бірлестіктің ұстанған мақсаты - мұғалімдерге құқықтық жағынан кеңес беріп, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету.

5 жыл бұрын (2009) М.Әуезов атындағы мұражай-үйде 2006-2008 жж. шығарылған өнертану бойынша 27 кітаптың тұсау кесер рәсімі болып өтті. Бұл еңбектер - «Мәдени мұра» бағдарламасына ғылыми-зерттеу жобасына кірген және мемлекеттік және халықаралық мәжілістердің мәліметтері. Институт ғалымдары дайындаған еңбектердің ішінде - 5 томдық «Қазақ музыкасы», 3 томдық қазақ тіліндегі «Қазақ өнерінің тарихы» бар.

5 жыл бұрын (2009) Алматыда үйлерді жалға беру жобасы таныстырылды. Бұндағы мақсат Астана мен Алматы қалаларындағы тұрғын үй нарығын тұрақтандыру. Қор бірінші бағыт бойынша екінші деңгейлі банктердің қатысуымен Алматы мен Астанадағы тұрғын үйлердің құрылысының аяқталуын қамтамасыз етіп, тұрғындарға сатып алу мақсатымен жалға береді.

4 жыл бұрын (2010) Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Алматының «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының еліміздегі кәсіподақ ұйымдары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп дайындаған «Әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты келісім» атты кітабының тұсауы кесілді.

9 5 жыл бұрын (1919) Ресейде тұңғыш радиохабар таратылып, Морзе әліпбиімен бірге эфирде алғаш рет адам дауысы тыңдалды. Радиохабар Төменгі Новгород өнертапқышы Михаил Бонч-Бруевичтің зертханасынан таратылды.

2 жыл бұрын (2012) америкалық суретші Ив Суссман кинематографияда өзінің жаңа жанрін ойлап тауып, Қазақстан туралы фильм түсірді.

1 жыл бұрын (2013) Астана коллекционерлерге арналған «Абай» эксклюзивті кітабының таныстырылымы өтті. Ол небәрі 20 данамен шығарылған. Әр беті күмістен ұлттық оюлармен өрнектеліп, таза теріден жасалған.

603 жыл бұрын (1411) Шотландияның Сент-Эндрюс қаласында Ұлыбританиядағы Оксфорд пен Кембриджден кейінгі көне университеттердің бірі ашылды.

289 жыл бұрын (1825) А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының бірінші бөлімі жарияланды.

132 жыл бұрын (1882) Ресейде жеке тұлғаларға телефонды пайдалануға рұқсат етілді.

131 жыл бұрын (1883) сигараны орайтын автоматқа патент алынды.

117 жыл бұрын (1897) жасанды дәмдегіш сахарин алынды. Ол аз калориялық қанттан 400 есе тәтті зат.

114 жыл бұрын (1900) Мюнхенде «Бавария» футбол клубы құрылды.

82 жыл бұрын (1932) Джеймс Чедвик нейтронды ашты.

72 жыл бұрын (1942) Джеймс Хей күн сәулесінің радиосәулеленуін тіркеді.

50 жыл бұрын (1964) алғаш рет туристерге арналған «Огюст Пикар» су асты кемесі суға жіберілді.

49 жыл бұрын (1965) «Антей» Ан-22 кеңестік ауыр турбовинттік тасымал ұшағы алғаш рет ұшырылды.

17 жыл бұрын (1997) АҚШ-та Долли атаулы қойға клон жасалды. Гендік инженерияның көмегімен туған қозыға Долли деген атау берілген болатын.

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1951) Шымкент әлеуметтік - педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор ҚОЗЫБАҚОВ Момбек Жамалбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Шардара ауданында инженер болып бастаған. 1975 жылдан бастап ғылыми және ғылыми-педагогтік қызметтер атқарып келеді. 1975-1977 жылдары - Қазақ химия-технологиялық институты машина жабдықтары кафедрасының кіші ғылыми қызметкері, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті «Қолданбалы механика» кафедрасының инженері. 1977-1980 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты. 1981-1984жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің машиналар механикасы ғылыми-зерттеу зертханасының аға инженері, Шымкент педагогикалық институтының Жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. 1984-1993 жылдары - Шымкент педагогикалық институтының аға оқытушысы. 1993-2000 жылдары - Шымкент педагогикалық институтының еңбек және өнер мамандығы бойынша оқу-ғылыми кешенінің жетекшісі - проректоры, еңбек және өнер мамандықтары бойынша оқу-өндірістік кешенінің директоры, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің проректоры, өндіріс және техникалық жабдықтар негіздері кафедрасының доценті, кәсіптік оқу теориясы және әдістемесі кафедрасының профессоры міндетін атқарушы. 1999-2001 жылдары - «Әулие-ата» университеті Шымкент филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2001 жылдың сәуірінен Шымкент әлеуметтік - педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарады.

2007 жылы Түркия Республикасының Анкара қаласында Түркі әлемінің жазушылары мен өнер қайраткерлеріне табыс етілетін «Түркі әлеміне қызмет еткендігі үшін» марапатына ие болды. 2007 жылы Англияда Оксфорд университетінде Европалық бизнес ассамблеясының халықаралық қоғамдық серіктестік корпорациясының халықаралық «Сократ» марапаты табыс етілді. 2008 жылы еліміздің «Мекке-Медине» діни бірлестігінің төралқасы мен Д.А.Қонаев мешітінің Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыздың атындағы ізгі құрмет дипломына ие болды. 2009 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «ХХI ғасырдың көш басшылары» бағдарлама аясындағы Халықаралық марапатын иеленді. Педагогика тарихының келелі мәселелері бойынша Республикалық және Халықаралық конференцияларда көптеген баяндамалар жасаған. 1-монография, 14 оқу-әдістемелік құрал, 10 оқу-әдістемелік нұсқау, 70-тен астам ғылыми мақалалардың авторы, 6 патент иегері. Ғалымның жетекшілігімен 4 кандидаттық, 8 магистрлік диссертациялар қорғалған.

5 8 жыл бұрын (1956) Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының әкімі ТӘУІПБАЕВ Сұлтанбек дүниеге келді.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мырзабай ауылында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Жалағаш ауданындағы «Мырзабай» ұжымшарында жұмысшы ретінде бастаған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын бітірген соң, Қазақстандағы және Ресейдегі оқу орындарында оқытушылық және ғылыми қызметпен айналысқан. Техника ғылымдарының докторы, 1 монография және 50-ден астам ғылыми еңбектерінің авторы. 2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. 2003-2008 жылдары «Қызылордасушаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Қызылорда облысының Сырдария ауданының әкімі лауазымын атқарған. 2012 жылдың ақпан айының 3 жұлдызынан бастап Жаңақорған ауданының әкімі қызметінде. «Құрмет» орденімен марапатталған.

67 жыл бұрын (1947) медицина ғылымдарының докторы, академик, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ директоры БАЙГЕНЖИН Абай Қабатайұлы дүниеге келді.

Орталық Азия пульманологтары қауымдастығының, Еуразиялық респираторлар қоғамының президенті, Еуропалық Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы комитеті төрағалқасының мүшесі. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина инстиутын бітіргеннен кейін денсаулық сақтау саласында әртүрлі қызметтерде болыд. 1978-1983 жылдары - Алматы қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орнбасары, 1983-1988 жылдары - Қазақ КСР Денаулық сақтау министрлігінің 4-бас басқармасының «алатау» ипажайының бас дәрігері. 1988-1993 жылдары - Алматы айцмақтық диагностикалық орталығының директоры. 1993-1997 жылдары - мемлекеттік аэроғарыш компаниясының вице-президенті. 1997-1998 жылдары ҚР Үкіметі жванындағы Медициналық сақтандыру қоры бас директорының орынбасары. 1999-2003 жылдары - Астанадағы республикалқ клиникалық аурухананың директоры. Қазіргі қызметінде - 2004 жылғы қаңтардан бері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің мүшесі. «Парасат» орденінің, британдық Виктория патшайым орденінің иегері, Роберт Кох медалімен марапатталған.

52 жыл бұрын (1962) «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары БАХМУТОВА Елена Леонидовна дүниеге келді.

1962 жылы 27 ақпанда РКФСР Ростов облысы Елизаветовка ауылында туған. Алматы халық шаруашылығы институтының экономикалық жоспарлау факультетін бітірген (1983), экономист. 1983 жылдан - «Алматы ауыл құрылыс-7» тресінің ОАКК аға инженері. 1984 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы ҒЗЭИ ЕжН экономисі. 1989 жылдан - ҚазКСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің аға экономисі. 1991 жылдан - «Елім-Ай» киношаруашылық бірлестігінің экономисі. 1992 жылдан - жетекші, бас экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығы - әлеуметтік сала департаменті бастығының орынбасары; 1996 жылдан - директордың орынбасары; 1998 жылдан - ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік департаментінің директоры. 2001 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі . 2002 жылдың тамызынан - ҚР Ұлттық банкі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаментінің директоры. 2002 жылдың қыркүйегінен-ҚР Ұлттық банкі қаржылық бақылау департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Қаржы нарығын және қаржынық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігі төрағасысының орынбасары. 2008- 2011 жылдары - ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2012 жлғы қаңтардан бері. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

4 9 жыл бұрын (1965) ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі ҚҰСАЙЫНОВ Марат Әпсеметұлы дүниеге келді.

Шымкент облысының Түркістан қаласында туған. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойынша, 1997 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Ұлттық Жоғары Мектебін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқып бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда қалалық атқару комитетінің аппаратында бөлім нұсқаушысы болып бастады. 1997 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде ақпараттандыру бөлімінде макроэкономикалық талдау және ақпарат секторының консультанты, одан кейін жинақтау талдамалық бөлімінің консультанты болды. 2000 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарды. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің аппаратында 2002 жылдың желтоқсанынан бастап Департамент директоры лауазымында қызмет істей бастады. 2006 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып тағайындалды. 2010 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 91 қаулысымен Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып қайта тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталған.

4 8 жыл бұрын(1966) Астана қаласы әділет департаментінің бастығы МУСИН Қанат Сергейұлы дүниеге келді.

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетін бітірген. Еңбек жолын 1989 жылдан Целиноград қаласы прокуратурасында бастап, тергеу бөлімінің аға тергеушісі, арнайы істер жөніндегі тергеушісі, Ақмола облысы Целиноград қаласы прокуротурасының криминалдық прокуроры болды. Кейіннен Жамбыл облысының, Ақмола, Астана қалалары прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Бес жылдан астам Қаржы полициясында қылмыстарды іздестру жұмыстарымен айналысып, әр түрлі лауазымды қызметтерді атқарып, Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлықпен күрес департаменті бастығының орынбасары болды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, бас сарапшы қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2012 жылғы ақпаннан - қазіргі қызметінде. Медальдармен, ведомстволқ марапаттармен марапатталған.

51 жыл бұрын (1963) Астана қаласының Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры ӘУБӘКІРОВ Амантай Акрамұлы дүниеге келген.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдады. Мамандығы: заңгер. 1984 жылдың тамызы - Алма-Ата қалалық атқару комитеті Ішкі істер басқармасы қылмыстық іздестіру басқармасының жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі. 1991 жылдың тамызы мен 1995 жылдың қаңтары - Алматы қ. Алатау АІІБ криминалдық милиция бөлімшесінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы. 1995 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың желтоқсаны - Алматы қ. Алатау АІІБ бастығының бірінші орынбасары. 1995 жылдың желтоқсаны мен 1997 жылдың мамыры - Алматы қ. МТК Бас басқармасы Медеу ауданы бойынша БТК Бас басқармасының бастығы. 1997 жылдың мамыры мен 2000 жылдың ақпаны - Алматы қ. Бостандық АІІБ бастығы. 2000 жылдың ақпаны мен 2001 жылдың қазаны - Алматы қ. Медеу АІІБ бастығы. 2001 жылдың қазаны мен 2003 жылдың маусымы - Алматы қ. Ішкі істер бас басқармасы Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары. 2003 жылдың маусымы мен 2007 жылдың тамызы - Алматы қ. Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы. 2007 жылдың тамызы мен 2009 жылдың қыркүйегі - Алматы қ. ІІД бастығының бірінші орынбасары. 2009 жылдың қыркүйегі мен 2011 жылдың шілдесі - Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары, 1-ші орынбасары. 2011 жылдың шілдесі мен қазіргі уақытта - Астана қ. Ішкі істер департаментінің бастығы. «Ерлігі үшін» медалі, ІІ-дәрежелі «Айбын» ордені, 2013 жылы ІІ-дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

141 жыл бұрын (1873-1921) көрнекті итальян теноры КАРУЗО Энрико дүниеге келді.

115 жыл бұрын (1899-1978) таза инсулинді ойлап тапқан канадалық физиолог БЕСТ Чарльз дүниеге келді.