27 ақпан күні астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл шешімге елордада аяздың күшеюі себеп болды деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Астанада үшінші күн қатарынан бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқып келген еді. Енді ертең барлық оқушылармен қоса студенттер де онлайн оқиды.

— 2026 жылғы 27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолдар жабылатынын жазғанбыз.