27 ақпан. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform/ Midjourney

Бүгін, яғни 27 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

79 жыл бұрын (1947 жылы) медицина ғылымдарының докторы, академик, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Орталық Азия пульманологтары қауымдастығының президенті, Еуразиялық респираторлар қоғамының атқарушы директоры, Еуропалық Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы комитеті төралқасының мүшесі Абай Қабатайұлы БАЙГЕНЖИН дүниеге келді.

Фото: «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін денсаулық сақтау саласында әртүрлі қызметтерде болды. 1978-1983 жылдары Алматы қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, 1983-1988 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі 4-бас басқармасының «Алатау» шипажайының бас дәрігері. 1988-1993 жылдары Алматы аймақтық диагностикалық орталығының директоры, 1993-1997 жылдары Мемлекеттік аэроғарыш компаниясының вице-президенті, 1997-1998 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Медициналық сақтандыру қоры бас директорының орынбасары, 2000-2010 жылдары «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» РМК бас директоры,

Қазіргі лауазымын 2010 жылдың тамыз айынан бастап атқарып келеді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі. «Парасат» орденінің, британдық Виктория патшайым орденінің иегері, Роберт Кох медалімен марапатталған.

64 жыл бұрын (1962) Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Леонидовна БАХМУТОВА дүниеге келді.

Фото: afk.kz

Ресейде туған. Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, экономист.

1983-1984 жылдары Алматы ауыл құрылыс №7 тресінің ОАКК аға инженері, 1984-1989 жылдары азақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтының экономисі, 1989-1991 жылдары Қазақ КСР-і Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің аға экономисі, 1991-1992 жылдары «Елім-Ай» киношаруашылық бірлестігінің экономисі, 1992-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің жетекші, бас экономисі, бөлім бастығы, әлеуметтік сала департаменті бастығының орынбасары, директордың орынбасары, 1998-2001 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры, 2001-2002 жылдары ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2002-2004 жылдары ҚР Ұлттық банкі Қаржылық қадағалау департаментінің директоры, 2004-2008 жылдары ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары, 2008-2011 жылдары ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасы, 2012-2016 жылдары «Самұрык-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ қаржы және операциалар жөніндегі атқарушы директоры, 2016-2018 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы болған.

2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Қанат Сергейұлы МУСИН дүниеге келген.

Фото: Конституциялық сот

Қазіргі Астана қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.

1984-1986 жылдары Целиноград (қазіргі Астана ) қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы, 1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты, 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеген. 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметінде болды. 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы, 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі VIІ шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, 2021-2022 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, 2022 жылы ҚР Әділет министрі лауазымын атқарды.

2023 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

58 жыл бұрын (1968) ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Денис Алексеевич ШИПП дүниеге келді.

Фото: ҚР Жоғары сот кеңесі

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Музыкалық орта мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.

Әр жылдары ол ағылшын тілінің аудармашысы және салық полициясы инспекторы болып жұмыс істеді. Петропавл қалалық сотының және Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы болған.2011-2015 жылдары Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы, 2015-2021 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, 2021-2024 жылдары ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып қызмет етті.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

57 жыл бұрын (1969) Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі Ардақ Дулатұлы СМАЙЫЛОВ дүниеге келді.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын агрономия мамандығы бойынша (1993), Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша (1997), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2004).

Еңбек жолы: 1992 жылы «Шарбат» жеке кәсіпорнында инспектор болып жұмыс істеді. 1994 жылы Астана кеденінде әртүрлі қызмет атқарды. 1999 жылы Астана кедені Кедендік қорғау және режим басқармасының бас инспекторы, Астана қаласы Кедендік қорғау және режим департаменті жүктерді кедендік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2003 жылы ҚР Кеден комитетінің Қостанай облысы бойынша Кеден басқармасы Кеден энергетикалық постының бастығы, 2004 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Астана-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бастығы, 2015 жылы Алматы облысы әкімі аппаратының талдау бөлімінің басшысы, Талдықорған қаласы, 2017 жылы Алматы облысы әкімі аппараты әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы, 202о жылы Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2022-2023 жылдары Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.

54 жыл бұрын (1972) «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Жандос Қонысұлы БҮРКІТБАЕВ дүниеге келді.

Фото: primeminister.kz

Жамбыл облысында туған. С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетін (1996), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша бітірген (2003).

Еңбек жолы: 1996-1998 жылдары Алматы қалалық жедел медициналық көмек көрсету клиникалық ауруханасының дәрігері, 1998-1999 жылдары Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, Алматы, 1999-2000 жылдары ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Білім және ғылым департаментінің бас маманы, 2000-2001 жылдары ҚР Денсаулық сақтау істері агенттігінің Дәрілік саясат, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, 2001-2002 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтика және медицина өнеркәсібі және ақпараттық-талдау қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 2002-2004 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтика және медицина өнеркәсібі және дәрілік саясат басқармасының бастығы, 2005-2007 жылдары «Ақтөберентген» АҚ кеңесшісі, 2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2008-2011 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Қан орталығы» ШЖҚ МКҚК директоры, 2011-2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2019-2021 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Шапағат» (2014), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдарымен марапатталған; «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2003), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2012) төсбелгілері.

42 жыл бұрын (1984) Атырау облысы мәслихатының төрағасы Мұса Қарашаұлы ХАЙРУЛЛИЕВ дүниеге келді.

Фото: instagram.com/musakhairulliev/

Атырау қаласында туған. Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы, Уфа мемлекеттік мұнай-технологиялық университетін «Құрылыс менеджері, тау-кен инженер-мұнайшы-инженері» мамандығы, Атырау мұнай және газ институтын «Қызмет көрсету саласындағы бакалавр» біліктілігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика ғылымдарының магистрі біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2010 жылы «Атырау Ген План» ЖШС директоры, 2014-2016 жылдары «Зерго» РМК Атырау филиалы директорының орынбасары, 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің Атырау облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті директорының орынбасары, 2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры, 2018-2023 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының директоры болып қызмет атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

34 жыл бұрын (1992) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Никита Сергеевич ШАТАЛОВ дүниеге келді.

Фото: senate.parlam.kz

Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген, филолог (2014).

Еңбек жолы:2014-2016 жылдары «KazMedia Project» компаниялар тобының корректоры, ақпараттық беттерінің редакторы, 2016-2017 жылдары «Information Resource» ЖШС SMM менеджері, 2017-2019 жылдары Informburo.kz бас редакторы, 2019 жылы «ТАЛАП» Қоғамдық қорында медиа-менеджер, 2019-2020 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығының медиа шешімдері зертханасының аға менеджері, 2020-2021 жылдары Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары, 2021-2022 жылдары Еуразиялық интеграция институтының бас сарапшысы, 2022 жылы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы, 2022-2023 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық даму департаментінің «Мониторинг және талдау орталығы» РМК жанындағы МКҚК директоры лауазымын атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.