27 ақпанда Қазақстанның шығысында қар жауып, жаяу борасын соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпанда Қазақстанның бүкіл аумағы бұрынғыша антициклон ықпалында болады, елдің шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде қар жауып, жаяу борасын соғады, жел күшейеді. Кейбір жерлерде тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа дейін күшейіп, жаяу борасын көтеріледі.