ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің бастамасымен ұшақ апаты болған орынға мемориалды тақта орнатылды.
Мемориал басында марқұм болған әріптестердің құрметіне дұға-тілектер бағышталып, гүл шоқтары қойылды.
«2012 жылдың 25 желтоқсаны күні мемлекетімізде қаралы күн жарияланған еді. Қыстың қытымыр күнінде ел астанасынан Шымкент қаласына бет алған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің АН-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады.
Сайрам ауданы Тассай елді мекені маңында орын алған ұшақ апатынан 27 адам қаза тапты. Бұл тәуелсіз ел тарихында болған ең ірі қайғылы оқиға еді», - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.