Мәди Ердәулет Астана қаласының №54 мектеп-лицейінің 4-сыныбында оқиды. Оған Білім басқармасы атынан планшет және «Астана» кітабы табыс етілді.
Еске салайық, Memoriad 2016 халықаралық зияткерлік олимпиадасы Лас-Вегаста өтті. Мәди Ердәулет «Ментальды арифметика мегасы» бойынша ІІ Республикалық олимпиадасының жеңімпазы атанып, 2016 жылғы маусымда өткен олимпиадаға жолдама ұтып алған болатын.
Мәдимен бірге командада Алматыдан Марғұлан Байжақып (жалпы есепте оныншы орында), Степногордан Әзиз Камелиден (21-ші) және Астанадан Далила Сақанов болды.
Memoriad - есепті ойша шығару және жылдам оқу бойынша дүниежүзілік олимпиада. Ол осындай жарыстарға арналған әлемдегі жалғыз платформа.
Әлемнің 148 елінде тіркелген. Олимпиада төрт жылда бір рет өтеді.