27 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 27 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

76 жыл бұрын (1948) «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары Төлеубек Нығметұлы ӘЛПИЕВ дүниеге келді.

Фото: amuzteatr.ru

1964 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы П.Чайковский атындағы музыкалық училищесі мен 1977 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын скрипка сыныбы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын 1970 жылы Фрунзе қаласында Қырғыз КСР Телевидение және Радиосы симфониялық оркестрінің әртісі болып бастады. 1977-1985 жылдар аралығында Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің әртісі болды (Алматы). 1985-1988 жылдары «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігі бас директорының орынбасары, 1988-1989 жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының директоры–көркемдік жетекшісі, 1989-1992 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Мәдениет істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, 1992-1995 жылдары ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, 1995-2000 жылдары ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті жанындағы Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры, 2000-2013 жылдары Қазақстанның жаңа астанасындағы опера-балет өнерінің дамуына негіз болған К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрын басқарды. 2013-2014 жылдары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары, 2014-2016 жылдары «Астана Опера» МОБТ директоры.

2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Астана Опера» МОБТ директорының бірінші орынбасары.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі, «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Астананың 20 жылдығы» медальдарымен марапатталған. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

59 жыл бұрын (1965) Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ұлатайұлы АХМЕТЖАНОВ дүниеге келді.

Фото: askeri.sud.kz

1990 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

2005-2009 жылдары Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы. 2009-2014 жылдары Алматы қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы, 2014-2017 жылдары Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы, 2017-2020 жылдары ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

56 жыл бұрын (1968) Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары, генерал-майор Жандос Қастелбекұлы ОМАРҚҰЛОВ дүниеге келді.

Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында туған. 1989 жылы Кеңес Одағының маршалы И.Х.Баграмян атындағы Горьков жоғары әскери училищесін, 2008 жылы армия генералы А.В.Хрулев атындағы тыл және көлік әскери академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1989-2009 жылдары азық-түлік қызметінің офицері қызметінен - тыл басқармасының бастығына дейін қызметтер атқарған, 2009-2013 жылдары ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитеті Тыл басқармасының бастығы, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2014 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1983) Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы Арман Серікұлы АҚЫЛБАЙ дүниеге келді.

Фото: Астана қ. Әділет департаментінің баспасөз қызметі

Ақмола облысында туған. Е.А.Бөкетова атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін, «Фемида» заң академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2005 жылдары Қарағанды ​​көлік прокурорының көмекшісі, 2005-2006 жылдары Қарағанды ​​облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, 2006-2007 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, 2007-2008 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының кадр және ішкі қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, 2008-2009 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, ҚР Жоғарғы Сотының заң бөлімінің бас консультанты, 2009-2015 жылдары Астана қаласының №2 аудандық сотының судьясы, 2015-2019 жылдары Астана қаласының №2 аудандық сотының төрағасы, 2019-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сарапшысы қызметтерін атқарды.