27 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 27 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8.30-да Назарбаев Университетінде Рубик кубигін жинаудан «Cubing Kazakhstan Nationals 2018» чемпионаты басталады.

10.00-де Hilton Garden INN Astana қонақ үйінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бірлесе отырып, «Зерде» холдингінің қолдауымен «ТКШ-ны Цифрландыру: айқындылық пен сапа» жиынын өткізеді.

10.00-де Паралимпиадалық жаттығу орталығында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ІІ қалалық спартакиаданың ашылуына қатысады.

АЛМАТЫ


10.00-де Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясында «Ұрпақтар жарысы» шахмат турнирі өтеді.

10.00-де Оқушылар сарайында «i-MAP» балалар мен жасөспірімдерге арналған бизнес мектебі ұйымдастырған «Мектеп бизнес-фестивалі» басталады.

10.00-де
Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында жеке мектептерді қолдау үшін жан басына қаржыландыру механизмі таныстырылады.

12.00-де
А.В. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінде «Классикалық бидің әлемдік мұрасы. Орындау техникасы» тақырыбында Ресейдің Үлкен театрының әртістерімен шығармашылық кездесу өтеді.

18.00-де Абай атындағы опера және балет театрында жыл сайынғы «Алтын жүрек» қоғамдық ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді.

ҚОСТАНАЙ

10:00-де
облыс әкімі А. Мұхамбетовтің қатысуымен танымал тракторшы, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваны еске алу кеші өтеді. Шара барысында К.Дөненбаеваға арналған кітаптың тұсаукесері және жаңа деректі фильмнің көрсетілімі болады.

КӨКШЕТАУ

15:00-де
жергілікті «Оқжетпес» футбол клубы өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды.

ШЫМКЕНТ


10.00-де
Шымкент қаласындағы «Ал Акрам» тойханасында дәстүрлі халықаралық палау фестивалі өтеді.