27 қыркүйек күні астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 27 қыркүйек күні болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Pixabay

9.30-да Rixos Astana қонақ үйінде Қазақстандағы NNWI британдық ядролық институтының филиалы атом энергиясына жаһандық сұраныс және Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның әлемдік нарыққа рөлі мәселелеріне арналған кезекті конференция өткізеді.

9.30-да Wyndham garden қонақ үйінде еліміздің ең танымал зияткерлік жарыстарының бірі — Aqyl Battle CUP финалы болады. 

12.00-де Transport Tower ғимаратында машина жасаушылар күнін мерекелеу өтеді.

13.30-да Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқауға арналған баспасөз конференциясы басталады.

15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы ұйымдастырылады. 

16.00-де Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры барлық ниет білдірушілерді «Қазақстандағы атом электр станциясы: оң және теріс жақтары» тақырыбындағы пікірталас клубының отырысына қатысуға шақырады.

18.00-де Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 64-ші концерттік маусымның салтанатты ашылуын өткізеді.