27 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қар теңізі аймағынан келетін солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын жалғастырады. Сонымен байланысты құбылмалы күн райы сақталады. Кей өңірлерде түнде жауын-шашын жауады (көбіне жаңбыр), күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр қатты жауатыны күтіледі. Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, 15-25 м/с екпінде жел тұрады. Оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с артады.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Жамбыл облысында оның екпіні 23 м/с артады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік сақталады.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.