ЕСІМДЕР
Целиноград қаласында туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiн «құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетiн «экономика» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолы: Целиноград облыстық халық депутаттары кеңесi атқарушы комитетi iшкi iстер басқармасының АIIБ тергеушiсi (1983); Көкшетау облыстық халық депутаттары кеңесi атқарушы комитетi iшкi iстер басқармасының аса маңызды iстер жөнiндегi тергеушiсi, аға тергеушi (1985-1989); Көкшетау қаласы прокуратурасының аға тергеушiсi, прокурорының көмекшiсi (1989-1991); «Мустанг» фирмасының директоры (1991-1995); «Агро-Инвест-Целинный» ЖШС директоры (1995-1998); «Червонное» ЖШС директоры (1998-2002); Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкiмi (2005-2007); Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы (2007-2008); Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi өңiрлiк дамыту комитетi төрағасының орынбасары (2008-2010). «Москворецкое» ЖШС бас директоры (2010-2012); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi болды (2013); Петропавл қаласының әкiмi (2013-2014); «Астана қалалық дін істері басқармасы» ММ басшысы (2015). 2016 жылдан Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.
Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың ақпанынан.
Ол Қарағандыда туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.Қарағанды техникалық университетінің техника ғылымдарының құрметті докторы.
1980 - 1981 жылдар аралығында «Қарағанды көмір» ӨБ № 22 шахтасында электр слесарь, 1981 - 1983 жылдар аралығында әскери қызмет, взвод командирінің орынбасары, Польша Халық Республикасында Солтүстік әскерлер тобы, 1983 - 1990 жылдар аралығында - «Қарағанды көмір» ӨБ «Киров» шахтасының № 4 учаскесінде тазалау кенішінің тау-кен жұмысшысы, 1990 - 1993 жылдар аралығында ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты. 1994 - 1995 жылдар аралығында - ХІІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2002 - 2004 жылдар аралығында ІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2004 - 2007 жылдар аралығында - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 - 2011 жылдар аралығында ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың желтоқсанынан.
Алматы қаласында туған. Мәскеу экономика-статистика институтының экономикалық кибернетика факультетін, осы институттың аспирантурасын бітірген. 1996 жылдан Экономикалық зерттеулер институтында (бұрынғы ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика институты) директордың орынбасары, директоры. 1999 жылдан ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 2000 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан ҚР стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан - «ҚазмұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2004-2015 жылдары Қазақстан-Британ техникалық университеттің ректоры болған. Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың желтоқсанынан.
Томск қаласында (РФ) туған. Краснояр әуе қорғанысынан қорғану радиоэлектроника жоғары әскери училищесін, радиотехникалық құралдарды пайдалану инженері, «Әділет» құқық жоғары мектебін бітірген, заңгер. 1994-1996 жылдары «Цесна-Сайран» ЖШС бас директорының орынбасары. 1996-2004 жылдары - «Юрист» ЖШС, «ЮрИнфо компаниясы» ЖШС директоры. 2001-2002 жылдары - Соттар одағының хатшысы. 2003 жылдан - Құқықтық мәдениетті қалыптастыру қорының директоры. 2004-2007 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2010 жылдары - «Еуразия» бірінші арнасы» ЖШС бас директоры. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы тамыздан бері. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2007 жылы - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2012 жылы - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.
Мамандығы бойынша - менеджмент, ақпараттық жүйелер бакалавры.
Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен. 2008-2009 жылдары ҚР-дағы Дүниежүзілік банк өкілдігінде кеңесші қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас менеджері, ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарын атқарған. Қазіргі қызметінде 2018 жылдың маусым айынан бері.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.