Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ҚР Қарулы Күштерінің Аэромобильді әскерлері, Құрлықтағы әскерлер мен Әеу қорғаныс күштерінің әскери бөлімдерінде биылғы көктемде әскер қатарына шақырылған 8 мыңға жуық жас сарбаз Отанға адал болуға, оның Конституциясын қатаң сақтауға, әскери жарғылардың талаптарын, командирлер мен басшылардың бұйрықтарын орындауға, әскери борышты абыроймен атқаруға, халық пен Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін ерлікпен қорғауға салтанатты жағдайда ант беретін болады.
11:16, 25 Мамыр 2012
27 мамырда 8 мыңға жуық жас сарбаз әскери ант қабылдайды
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - 27 мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде көктемгі шақырылымдағы жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтеді.