27 маусым. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 27 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

68 жыл бұрын (1958) музыкант, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Байғали Ермекұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келді.

Фото: Wikipedia

Алматыда туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген.

«Арай» тобы ұжымында белгілі қазақ әншісі Роза Рымбаеваны сүйемелдеуші болды. 1982 жылы «Арайдың» барлық музыканттары тарап кетті. Ал, Роза Байғалиға жаңа топ жасақтауды және оны басқаруды ұсынды. Жаңа топ та бұрынғы «Арай» атауында қалды, кейіннен «Алматы-Студио», одан әрі «A’Studio» аталды. Қазіргі кезде өз ұжымында, «A’Studio» тобында және басқаларында продюсерлікпен айналысады.

Айта кетсек, 90-жылдардың басында режиссер Алексей Берковичпен «А-Студио» туралы «Джулия» музыкалық фильмі түсірілді. Оған музыканттардың өздері қатысты.

59 жыл бұрын (1967) Абай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Құлбайұлы ТАСТЕКЕЕВ дүниеге келді.

Фото: facebook.com/senat.qazaqstan

Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында туған. 1993 жылы Семей малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ академиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетін қаржы мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.

1993-1998 жылдары «Мейрамхан» АҚ-ның менеджері, 1999 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының сот курьері, 1999-2000 жылдары Алматы қаласы сотының сот приставы, 2001-2010 жылдары Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, 2010-2017 жылдары Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, 2017-2023 жылдары Семей қаласы Құрылыс колледжінің директоры қызметін атқарған.

2023 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды, ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

Ыбырай Алтынсарин медалімен (2016), «Халық алғысы» медалімен (2021), Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2021, 2022) марапатталған.

50 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Базарбайұлы НҰРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Көкшетау облысы Бурабай ауданы Щорс ауылында туған. 1997 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2007 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының профильді магистратурасын тәмамдаған.

Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығымен бірнеше рет марапатталған. «Самбо» күресі бойынша спорт шеберіне үміткер.

Еңбек жолы: 1997 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін аяқтаған соң, ішкі істер органдарындағы қызметін Көкшетау қаласы бойынша МТКБ тергеуші лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Көкшетау қаласының ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінде жедел уәкіл, Ақмола облысы ҚІІБ ҰҚҚКБ бөлім бастығы, Ақмола облысы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасы (ЕҚКБ) бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистранты, 2009 жылы Ақмола облысы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының (ЕҚКБ) бастығы, 2011 жылы Ақмола облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қасры күрес басқармасының (ҰҚҚКБ) бастығы, 2014 жылы Ақмола облысы ІІД Бурабай ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы, 2015 жылы Ақмола облысы ІІД Степногорск қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, 2017 жылы Ақмола облысы ІІД Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, 2019 жылы Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (жедел жұмыс жөніндегі) қызметінде болды. 2020 жылы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары, 2022 жылы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы қаңтар айынан бастап атқарып келеді.

49 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің бастығы Абзал Ғабдоллаұлы ЖҰМАТАЕВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

2001 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2020 жылы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын тәмамдаған.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылы Қарағанды облысы Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің жедел-іздестіру тобының жедел уәкілі лауазымынан бастаған.

1998-2019 жылдары ішкі істер органдарында және қаржы полициясында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған. 2019-2022 жылдары Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары, 2022-2024 жылдары ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы, 2024-2025 жылдары ҚР ІІМ Тыл департаментінің бастығы, 2025-2026 жылдары ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған.

Қазіргі лауазымын 2026 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.

43 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Данабек Ержанұлы ИСАБЕКОВ дүниеге келді.

Фото: parlam.kz

Өзбекстан Республикасы Жизақ облысында туған. 2004 жылы Қазақстан Гуманитарлық Заң университетін «заңтану» мамандығы бойынша, 2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша және 2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қалалық Қазынашылық департаментінде жетекші заңгер болып бастады. 2006-2007 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің операторы, мұрағатшысы болып жұмыс істеген. 2007-2009 жылдары Шымкент қаласы «MAD LTD и К» ЖШС-нің директоры, 2009-2014 жылдары Шымкент қалалық ОҚО ФРМК «Халыққа қызмет көрсету орталығы» директорының орынбасары, 2014 жылы Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы РМҚК-нің директорының орынбасары, 2014-2015 жылдары «ҚР Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің ОҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК-нің директоры, 2015-2016 жылдары ҚР Әділет Министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-нің ОҚО бойынша филиал директоры қызметін атқарған.

2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаментінің директоры, 2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаментінің директоры, 2018-2019 жылдары аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиал директорының орынбасары болды. 2020-2023 жылдары Шымкент қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты, Заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болған.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.

40 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Елнұр Сабыржанұлы БЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Фото: Мәжіліс

Кентау қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын «Жастар үні» Жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болып тағайындалды. 2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарды. 2016-2017 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2017-2018 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды. 2020 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы болып сайланды. 2023-2026 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VІІІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесіболды.

Қазіргі қызметін 2026 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.