27 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де «Думан» қонақ үйінде мерейтойлық Х Қазақстан Халықаралық құс өсірушілер форумы өтеді.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде жылыту мауысымына дайындық барысы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қаралады.

10.00-де ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың қатысуымен Қазақстан-Иран бизнес форумы өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде қордың 2022 жылғы қызметіне арналған отырысы өтеді.

11.00-де елорда күнін мерекелеу аясында Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандағы жас жұбайлардың некесін ашық аспан астында қайықта салтанатты түрде қию, неке куәліктерін табыстау рәсімі өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.30-да елорданың 25 жылдығына орай «Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік туры басталады.

15.00-де қалалық Достық үйінде «Мақсаты бірдің ұлты бір!» атты Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтеді.

15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Құрбан айт-2023» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Нұрдәулет Әлмұханов – қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы, Ерболат Жүсіпов - Астана қаласының Бас имамы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы, Сарқыт Бейсенова - Астана қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.