27 маусым. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

65 жыл
бұрын (1958) музыкант, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Байғали Ермекұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келді.

Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген.

«Арай» тобы ұжымында белгілі қазақ әншісі Роза Рымбаеваны сүйемелдеуші болды. 1982 жылы «Арайдың» барлық музыканттары тарап кетті. Ал, Роза Байғалиға жаңа топ жасақтауды және оны басқаруды ұсынды. Жаңа топ та бұрынғы «Арай» атауында қалды, кейіннен «Алматы-Студио», одан әрі «A'Studio» аталды. Қазіргі кезде өз ұжымында, «A'Studio» тобында және басқаларында продюсерлікпен айналысады.

Айта кетсек, 90-жылдардың басында режиссер Алексей Берковичпен «А-Студио» туралы «Джулия» музыкалық фильмі түсірілді. Оған музыканттардың өздері қатысты.

56 жыл бұрын (1967) Абай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Көлбайұлы ТАСТЕКЕЕВ дүниеге келді.

Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келді. Семей малдәрігерлік институтын (1988-1993 жылдары) ветеринария мамандығымен, Қазақ академиялық университетін (1998-2000 жылдары) құқықтану мамандығымен, Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетін (2014 жылы) қаржы мамандығымен, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін (2018 жылы) құрылыс мамандығымен тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты (2010 жылы).

«Мейрамхан» АҚ-ның менеджері (1993-1998 жылдары), Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының сот курьері (1999 жылы), Алматы қаласы сотының сот приставы (1999-2000 жылдары), Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің оқытушысы, аға оқытушысы (2001-2010 жылдары), Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі (2010-2017 жылдары), Семей қаласы Құрылыс колледжінің директоры (2017-2023 жылдары).

2023 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

40 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Ержанұлы ИСАБЕКОВ дүниеге келді.

Өзбекстан Республикасы Жизақ облысында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстан Гуманитарлық Заң университетін «заңтану» мамандығы бойынша, 2008 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша және 2020 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қалалық Қазынашылық департаментінде жетекші заңгер болып бастады. 2006-2007 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің операторы, мұрағатшысы болып жұмыс істеген. 2007-2009 жылдары Шымкент қаласы «MAD LTD и К» ЖШС-нің директоры; 2009-2014 жылдары Шымкент қалалық ОҚО ФРМК «Халыққа қызмет көрсету орталығы» директорының орынбасары; 2014 жылы Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы РМҚК-нің директорының орынбасары; 2014-2015 жылдары «ҚР Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің ОҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК-нің директоры; 2015-2016 жылдары ҚР Әділет Министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-нің ОҚО бойынша филиал директоры қызметін атқарған.

2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаментінің директоры; 2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаментінің директоры; 2018-2019 жылдары аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиал директорының орынбасары болды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2023 жылдың 19 қаңтар аралығында Шымкент қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты, Заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болған.

37 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Елнұр Сабыржанұлы БЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Кентау қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын «Жастар үні» Жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болып тағайындалды. 2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарды. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2017-2018 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды. 2020 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы болып сайланды.