Санчестің айтуынша, мемлекеттік рәсімге Испания Королі Филипп VI, Еуропа одағы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары лауазымды шенеуніктері қатысады.
Бұрын хабарлағанымыздай, Испания коронавирус тарала бастаған сәттен ең қатал оқшаулау режимін енгізген. Індетті ауыздықтау үшін елге екі айға жуық уақыт қажет болды.
Испанияда 244 000 адам коронавирус жұқтырды. Елдегі пандемия құрбандарының саны 27 136-ға жетті.