Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, желдің күші 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Түнде Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Маңғыстау, таңертең және күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады.