27 сәуір күні Қазақстанда күн ашық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 27 сәуір күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Атмосфералық фронттардың ықпалына байланысты республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай соғады.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстікте тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының Алакөл аумағында жел екпіні - 15-20 м/с.