27 сәуір. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 27 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандар назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1953) Қазақстанның құрметті сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі, Америка архитекторлар институтының мүшесі (AIA) Шухрат Зайнитдинұлы ЮСУПОВ дүниеге келді.

ҚХР Құлжа қаласында туған. 1976 жылы В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын сәулетші мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1970 жылы «Таулы Гигант» мәдениет үйінде суретші-безендіруші болып бастаған. Түрлі жылдары сәулет саласында әртүрлі қызметтерді атқарған.

Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Сәтбаев, Жезқазған, Түркістан қалаларының бой көтеруіне және көркеюіне үлес қосқан.

6 8 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу мұрағатының директоры Жанай Сейітжанұлы ОМАРОВдүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1977 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін философия мамандығы бойынша бітірген.

1980-1997 жылдар аралығында еліміздің жоғарғы оқу орындарында (ҚазПТИ, ҚазМУ) оқытушылық және ғылыми қызметтермен айналысты.

1998 – 1999 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, «Имидж-Успех» ақпараттық-талдау орталығының бас директоры, ҚР Президентіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының үгіт-насихат тобының жетекшісі – Баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

1999 – 2001 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры, 2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ішкі саясат басқармасының қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

2004-2007 жылдары «Қазақпарат» ҰК» АҚ президенті, 2007-2008 жылдары «Қазақстан Тудэй» агенттігі» АҚ баспа үйінің бас директоры, «Караван» газетінің бас редакторы болды. 2008-2011 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2011 жылғы шілде айынан бастап «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті. 01.2014-05.2014 аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, 05.2014-08.2014 аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі, 2014-2018 жж. «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болды.

«Құрмет» (2004), «Парасат» (2011) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған.

6 6 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы одағының президенті Сапар Хайсаханұлы КӨШКІМБАЕВ дүниеге келді.

Бұрынғы Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолын 1974 жылы Алматы электр құрылғылары зауытында слесарьдің шәкірті болып бастаған. КСР Қаржы министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігіне қарасты орталықтарда біршама қызметтер атқарған.

1992-1993 жылдары «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясының президенті, «BDO Қазақстанаудит» халықаралық аудиторлық ұйымының президенті болған.

5 7 жыл бұрын (1966) – Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілі Марат Зеникенұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.

Щучинск қаласында туған. 1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, ал 2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

1991-1992 – Целиноград қаласындағы №7 орта мектебінің тарих мұғалімі.

1992-1998 – С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы.

1998-1999 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы.

1999-2002 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі. 2002-2010 – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2010-2014 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2014-2019 – ҚР Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі. 2019-2022 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. 2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

54 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Арман Мақсотұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Ресейдің Мурманск облысы, Кола қаласында туған. Орджоникидзе атындағы жоғары әскери командалық училищесін бітірген (1990); Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті (2006); Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының жоғары академиялық курсын бітірген (2008); Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы (2010).

Еңбек жолы: взвод командирінен бастап штаб бастығы – бөлімше командирінің орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет етті (1990-2008); ҚР ІІМ ТЖК бас штабының жедел басқармасының бастығы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы Бас штаб бастығының орынбасары (2010-2017); Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы (2017-2020).

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен, КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.

44 жыл бұрын (1979) Жетісу облысының прокуроры Мадияр Бекенұлы БАСШЫБАЕВдүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Ақтөбе облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының м.а. (2000-2001); Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (03.2001-04.2001); Ақтөбе облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (04.2001-12.2001); Ақтөбе қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімінің прокуроры (2001-2002); Ақтөбе облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2002-05.2004); Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы прокурорының орынбасары (2004-2005); Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы (2005-2007); Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы (2007-2008); Ақтөбе облысы прокуратурасының Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (2008-2009); Ақтөбе облысы прокуратурасының Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы және кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (2009-2010); Алматы қаласы және қала аудандарында прокуратура саласында бірқатар қызметтерді, лауазымды атқарды (2010-2021); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Стратегиялық даму департаменті басшысының орынбасары (05.2021-12.2021); Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (2021-2022).

2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

38 жыл бұрын (1985) Талдықорған қаласының әкімі Әсет Дүйсебекұлы МАСАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы энергетика және байланыс институтын (2008); Экономика және құқық академиясын (2014); Ресей Халықтар достығы университетін (2014) бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциясында» электромонтер болып бастаған. 2008-2009 жылдары – «Наз» ЖШС-де бас энергетик. 2009-2010 жылдары – «Алмаз және КЮС» ЖШС-де техникалық директор. 2010-2011 жылдары – Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы энергиямен, жылумен жабдықтау бөлімінің жетекші маманы. 2011-2013 жылдары – Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы энергиямен, жылумен жабдықтау бөлімінің бастығы. 2013-2015 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары. 2015-2016 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы. 2016 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары болды. 2016-2019 жылдары – Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы. 2019 жылы Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болды. 2019-2020 жылдары – Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы. 2020-2022 жылдары –Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың наурыз айынан бастап.

«Құрмет» орденімен марапатталған.