27 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
10.00-де Парламент Мәжілісінің кезекті отырысы өтеді.
10.00-де ParkInn қонақ үйінде PaperLab зерттеу орталығы «Қазақстанның цифрлық ұрпағы: психологиялық әл-ауқаты және құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «III Халықаралық Томирис студенттік кинофестивалі шығармашыл жастарға жол ашады» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: Қазылар алқасының төрағасы, кинорежиссер Сергей Бодров (АҚШ); Киносарапшы, кинотанушы Мартонова Андроника (Болгария); сценарист және аниматор Махмудов Мавзур (Өзбекстан); кинотанушы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Толомушова Гүлбара; қазақ киносыншысы және кинотанушы Әбікеева Гүлнар; кинотанушы, өнертану кандидаты Мұқышева Нәзира.
Көрсетілім сілтемелері: youtube және facebook.
11.00-де Қазақстан Ұлттық банкінің ғимаратында қаржы нарығын реттеуші ұйымның базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімді түсіндіруге бағытталған баспасөз брифингі өтеді.
11.00 –де Нұр-Сұлтан қаласы NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Central Market» сауда орталығы және Орталық базарға мемлекеттік бағдарламалар, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
11.00-де ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе ұйымдастырылған Халық Қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көрме ашылады.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» - мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин.
Көрсетілім сілтемелері: youtube және facebook.
15.00-де Еуразия ұлттық университетінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ елордалық ЖОО түлектері мен жұмыссыз жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.
19.00-де Жастар театрында «Диляфруздың төрт күйеуі» қойылымы көрсетіледі.