27 шілде күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 27 шілде күні құбылмалы күн райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың тек оңтүстігі мен солтүстігінде сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте жекелеген аумақтарда тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМКмәліметінше, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақкүтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстаноблысында дауыл тұрып, түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады. Күндіз жекелегенаумақтарда бұршақ жауып, жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды,Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кейжерлерінде тұман болжанады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/скүшейеді.

Алматы, Қызылорда,Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбылской облыстарының кей жерлеріндежелдің күші 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында дауыл тұруы ықтимал.

Күндіз Алматы,Жамбыл, Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Атырау, Қарағанды, ШығысҚазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарның кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупісақталады.