Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр. Таңертең солтүстік облыстарда тұман түсуі ықтимал.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа ағындарының әсерімен өткінші жаңбырлар өтуі мүмкін, таулы аймақтарда шағын жауын жауады, одан кейін ауа температурасының төмендеуі мүмкін. Ал Қазақстанның батысында атмосфералық қысымның әсерімен жауын-шашынсыз күн райы болжанып, ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.